Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Алғашқы кітап» фарфорлы мүсінше ЛМИК 1672/ФСК 140

«Алғашқы кітап» фарфорлы мүсінше

ЛМИК 1672/ФСК 140

 

 

1950-1970жж.

 

УКСР, Хмельницкий облысы, Полонное қаласы.

 

Авторы - И. А. Коломиец

 

Фарфор, қалыптау, кептіру, бірінші күйдіру, сәндеу,жылтырлату, екінші күйдіру бірнеше кезеңнен тұрады.

 

А-22,0 см   D-11,0 см

 

Тапсырған: Т .К. Меклер, Лисаков қ. 2000 ж.

 

«Алғашқы кітап» фарфорлы мүсінше. Ақ түске екі мүсін: анасы мен қызының бейнесі салынған. Анасы отырған қалыпта. Ол кең етекті қысқа жеңді ақ көйлек киген; жағасы мен жеңдері алтын және ақшыл –жасыл түспен бөлініп, боялған. Анасы қолына ашылған кітап ұстаған және қызын құшақтап отыр. Қыз бала анасының қасында түегеліп тұр, үстіне: жасыл бұршақты, ұзын жеңді ақ көйлек киген; шашінде үш көк бантик тағылған. Қыз бір қолымен анасын, екінші қолымен кітапты ұстап тұр. Бұйым жылтырақпен жабылған(анасы мен қызының шашінен басқасы).

 

Келесі түп жақ бетінде – «Полонне ЗХК» завод белгісі  бар, белгі көк түсті бояуда жасалған. Мұндай белгі 1950 -1970 жылдары Полонск фарфорлы заводында жапсырылған.

 

Тарихи анықтама: Коломиец Инна Антоновна – (1921-2005), Украинаның құрметті суретшісі(1973), Украинаның Ұлттық суретшілер одағының мүшесі(1973), украинаның танымал мүсіншісі.

  стрелка